Баршаңызға сәлем.осы топтағы апаға алғысым шексіз.Осы апаның жасаған торты бойынша дәл осы рецептімен жасадым және осы апаның жазбасын көшіріп салып отырмын.Ренжімеңіз
"Наполеон" тортын жасап үйренейік. Ол үшін керекті заттар:
Қамырына:
1. Маргарин 300 гр (алдын ала морозильникке салып қатырып аламыз)
2. Жұмыртқа 2 шт
3. Су 150 мл
4. Ұн 600 - 650 гр
5. Туз
Кремі:
1. Сүт 800 мл
2. Қант 400 гр
3. Ванилин 1 пакет
4. Жұмыртқаның сарысы
5. Ұн 100 гр
Қамыр дайындаймыз:
Маргаринді алып тёркадан өткізіп, ұнмен араластырамыз, жұмыртқаны көпіршітеміз, тұз бен салқын суда ерітілген уксусты қосып қамыр илейміз. Қамырды бөліктерге бөліп 1 сағатқа холодильникке салып қоямыз. Қамырды алып жаямыз, суреттегідей домалақтап ортасынан кесеміз да вилкамен тесіп шыгамыз, жан жагын алмаймыз, солай кызып тұрған пешке 200 градуста 5 - 10 мин аралығында қызарғанша пісіреміз. Жан жағындағы қалдық тестоны оқтаумен ұнтаймыз.
Кремі:
Сүтті қайнатамыз, жұмыртқаның сарысына қант пен ванилинді қосып араластырамыз, оған ұнды қайнаған сүтті косып газда 3 мин қоюланғанша қасықпен араластырамыз. Суытып дайын тестоны алып арасына крем жагып, ұнтак себе отырып тортымызды жинаймыз.
Наполеон торты дайын, салқын жерге 3-4 сағатқа коямыз.